1923 жылы 10 қазанда дүниеге келген. 1941 жылы 22 қазанда әскер қатарына шақырылды. Орталық майданда 1941 жылдың қарашасынан 1942 жылдың наурызына дейін 105-ші бөлек Сібір шаңғы батальонында қатардағы атқыш ретінде әскери борышын өтей бастады. 1942 жылдың сәуір айынан бастап сержант шенімен НКВД арнайы бөлімінің взвод отрядының командирі болып тағайындалды. 1943 жылы қаңтарда кіші лейтенанттық курстарға жіберіліп, оны 1943 жылдың сәуірінде бітіріп, 5-ВДГС (Ауе гвардиялық атқыштар) полкінің десанттық атқыштар взводына тағайындалды. 1943 жылы шілдеде жараланды. Емделіп, 1948 жылдың наурыз айына дейін Мәскеу қаласының бас авиациялық қоймасында комендант взводының командирі қызметін атқарды. 1948-1954 жылдары 43-ші Әуе армиясының кіші авиация мамандары мектебінде оқу взводының командирі болып қызмет етті. 1942 жылдың тамызынан 1943 жылдың ақпанына дейін Сталинград майданындағы шайқастарға қатысты, сонымен қатар 1943 жылдың мамырынан 1943 жылдың шілдесіне дейін Орталық майданда (Орел-Курск бағытында) шайқасты.
Қызыл Жұлдыз орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен, бес мерейтойлық медальдармен марапатталған. медальдарымен, сондай-ақ «Тың жерлерді игергені үшін», «Ерен еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай».
Соңғы жұмыс орны: Лисаков тау-кен байыту комбинаты, құрылыс цехы, инженер-логист.
«Олар Жеңіспен оралды! Они вернулись с Победой! Лисаков, Алтынсарин және Науырзым аудандары». Қостанай, 2010, 36-37 бет.