Василий Дмитриевич Михайловский
(1920-1995),
Ұлы Отан соғысына қатысушы.
Орынбор-Торғай губерниясының Луговой ауылында дүниеге келген. 1940 жылы желтоқсанда Таран аудандық әскери комиссариатымен шақырылды. 1943 жылға дейін қатардағы және сержанттық құрам лауазымдарында қызмет атқарды. Мәскеуді қорғауға қатысты, танктің мұнара атқышы болды. 1943 жылдың қарашасынан-батальон штабы бастығының көмекшісі, 1945 жылдың ақпанынан – батальон штабының бастығы болып жараланады. Батыс, Солтүстік-Батыс, Белорус майдандарында соғысқан.
“Жауынгерлік еңбегі үшін” медалімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, II дәрежелі Отан соғысы, “Варшаваны азат еткені үшін”, “Мәскеуді қорғағаны үшін”, “Берлинді алғаны үшін”, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медальдарымен марапатталған.
Материал 2015 жылы Жеңістің 70 жылдығына арналған “Жеңіс шежіресі” мұражай көрмесіне дайындық барысында жиналды.