Ауыл 1900 жылы Құр-сай шатқалы жанындағы Тобыл өзеннің сол жағасында құрылған. Байырғы тұрғындардың айтуынша, атауы алғашқы тұрғыны Валерьянның атымен байланысты. Ауылды Украина мен Ресейден қоныс аударғандар құрған. 1906-1907 жылдары ауылдың тұрғыны Иван Колесников Л.Н. Толстойға арналған хаттарында өз өмірін баяндаған, бүгінде бұл хаттар Л.Н.Толстой атындағы Мәскеу Мемлекеттік мұражайында сақталуда.
ХХ ғасырдың басынан бастап 1925 жылға дейін Валерьян ауылы болыс орталығы болған. 1907 жылы Валерьян дәрігерлік пункті ашылған. 1908 жылы науқастар жататын үш палатасы, амбулатория, дәріхана, әйелдер босану үйі мен фельдшердің үйі орналасқан ғимараттың құрылысы аяқталады. Ауылда бірінші бір сыныптық училищесі ашылған, шіркеу-приход мектебі болған, 1912 жылы екінші бір сыныптық орыс училищесі ашылады. Ауыл жылына екі рет (маусым; қараша – желтоқсан айлары) жәрмеңке өткізіліп тұратын орынға айналады.
Ақпараттар мен фотосуреттерді А.А.Шефермен ұсынылған (Марбург қ., Германия)
Суретте: