ХІХ және ХХ ғасырларда Аят өзенінің бассейні, Тобыл және Обаған өзендерінің бассейні Транссібір темір жолының құрылысымен байланысты зерттелді. Қоныс аударушы-шаруалардың кенттерін сумен қамтамасыз ету үшін гидрогеологиялық зерттеулер жүргізілді. 1899 жылы инженер А.Красинский Николаевка ауылында атақты Аят кен орнын ашты.
Ұлы Отан соғысынан кейін ғалым Д.Топорковтың баспасөз беттерінде мақалалары шықты, онда ол аса жігерліпен Аятты зерттеу қажеттілігіне көз жеткізген. 1949 жылдың тамызында техник-геолог Н.Яременко және бұрғылау шебері А.Токоревтің басшылығымен Аят геологиялық барлау экспедициясының кен іздеу партиясы Лисаковка ауылының жанында оолит темір руда кен орнын тапқан.
Он жыл бойы Лисаков кен орнын өңдеу жөніндегі ғылыми даулар жүргізілген. 1960 жылдың желтоқсан айында КСРО Министрлер Кеңесі Лисаков кен-байыту комбинатының құрылысы жөнінде шешім қабылдаған.
1963 жылы Тобыл өзеннің жағасында Рудный қаласының құрылысшылары мен төңіректегі ауылдарының тұрғындары қаланы тұрғыза бастаған. Содан кейін құрылысқа комсомол жолдамалары бойынша жас жігіттер мен қыздар келе бастаған.1969 жылы Лисаков кен-байыту комбинатының құрылысы БЛКЖО ОК-мен Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысы деп жарияланған. Жас жігер, қаланың алғашқы құрылысшыларының ынтасы көптеген онжылдықтарға Лисаков қаласына жасампаз серпін берді, оның тұрақты сипаты мен кез келген қиын жағдайларды жеңе білу қабілетін анықтады.
Бірінші үй 1966 жылдың тамыз айында тапсырылды-бұл қала болашағының алғашқы мерекесі болды. Келешекте Қызылжар және Жоғарғы Тобыл су тораптарының, құрылыс индустриясы базасының, кен байыту фабрикасының құрылыстары бой көтерді. Әр шағын аудандарында мектеп, балабақшалар, дүкендер мен қызмет көрсету кәсіпорындарының кешенді құрылысын салу көзделген. 1971 жылғы 12 тамызында Лисаков қала үлгісіндегі ауыл қала мәртебесіне ие болған. Кен-байыту комбинатының құрылысы 1967 жылы басталды, ал 1972 жылдың желтоқсан айында ГМБ фабрикасының бірінші секциясы пайдалануға жіберілген. Бұл уақыттан бастап Лисаков кеншілер қаласына айналған.
1990-ыншы жылдары лисаковтықтар талай қиыншылықтарды еңсеріп шықты. КСРО заманында қалыпты болған бір қала құраушы кәсіпорынға бейімделуі Лисаков қаласы үшін үлкен мәселелерге айналған. Еркін экономикалық аймақ, содан кейін арнайы экономикалық аймақ қаланың даму сатысы – алдымен күн көріс мектебі, кейінен жаңа экономикалық және саяси жағдайлардағы өмір мектебі болған. Қалаға арнайы экономикалық аймақ мәртебесімен берілген экономикалық дербестік артықшылықтарын пайдалана отырып, жаңа өндірістерді ұйымдастырумен өндірістік-экономикалық базаны қайта құрылымдау бойынша жұмысты бастауға мүмкіндік алды. Қалада бірқатар шағын және орта бизнес кәсіпорындары қалыптасты. 1990 жылдардың дағдарысын қала ойдағыдай еңсерді: көп салалы экономика құрылды, жаңа өндірістер дамуда.