Кәсіби-техникалық білім беру жүйесінде Юрий Федорович 1969 жылдан бастап жұмыс істейді. 1986 жылдан-Лисаков техникалық колледжінің директоры.
Юрий Федорович қалалық білім беру жүйесін дамытуға, республикадағы Лисаков қаласының имиджін арттыруға үлкен үлес қосты.
Бірнеше рет облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаты болып сайланды.
Лисаков қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
«КСРО кәсіби техникалық білім беру үздігі», «Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінің үздігі» белгілерімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2006 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2011 ж.) және көптеген грамоталармен марапатталған.
Төртінші шақырылған Лисаков қалалық мәслихаты сессиясының 2010 жылғы 22 қазандағы №373 шешімімен «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.