Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Семерджиев Александр Петрович

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

 

Лисаков тау-кен байыту комбинаты кенішінің экскаватор машинисінің бригадирі. А.П. Семердживев 1937 жылы 17 қыркүйекте Ростов-на-Дону қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын Лисаков қаласында 1972 жылы экскаватор машинисінің көмекшісі болып бастаған. Салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде мамандықты сәтті игерді. Жұмыста ол әрдайым жетілдірілген, жаңаны, қажеттінің бәрін қолдайтын..Рудный индустриалдық техникумының сырттай бөлімін үздік бітірді.

ХІ бесжылдықта қол жеткізген еңбек жетістіктері үшін үкіметтік марапатқа ие болды. Өз уақытында А.П. Семерджиевтің кенді тиеуге қосқан жеке үлесі кеніштің ұжымы орындайтын көлемнің төрттен бір бөлігін құрады. Қоғамдық өмірге белсене қатысты: әкімшіліктің шаруашылық қызметін бақылау жөніндегі комиссияның төрағасы, еңбекті қорғау жөніндегі Қазсовпроф қоғамдық инспекторы, рационализатор, ерікті халық жасағының мүшесі болды.

А.П. Семерджиев Октябрь Революциясы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, III дәрежелі «Шахтер Даңқы» белгісімен марапатталған, «Облыс бойынша ең үздік маман» атағына ие болған, Қазақстан Құрмет Алтын кітабына енгізілген*.

Лисаков тау-кен байыту комбинаты кенішінің экскаваторшысы А.П. Семерджиевке «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді (Лисаков қалалық атқару комитетінің 1982 жылғы 30 қарашадағы № 331 шешімі).

А. П. Семерджиев 2016 жылдың 25 наурызында қайтыс болды.

* «Бұл есімдерді ұмытпаймыз» құжаттар мен материалдар жинағы.   А.Я. Ильницкийдің жалпы редакциясы-Қостанай қ.: Қостанай баспа үйі,2009,200-201,14

Scroll to Top