«Кульбытстрой» құрылыс басқармасының кешенді бригадасының бригадирі, қаланың алғашқы құрылысшысы, Қазақ КСР еңбек сіңірген құрылысшысы.
Н.Ф. Репниковтің бригадасы қалада өнеркәсіптік және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы көптеген объектілерді салды: ЛГОК фабрикасында ұсақтау корпусы, керамзитті қиыршық тас зауыты, ОРС базасы, байланыс қалалық торабы, Қоржынкөл кенішінің объектілері, №5 және №6 мектептер, 4 шағын аудандағы бөбекжай-балабақша және т.б. Осы нысандардың көпшілігі бригадамен қазықшадан басталып, «кілтіне» дейін бітіріліп тапсырылды.
Н.Ф. Репников жоғары дәрежелі маман, көптеген құрылыс мамандықтарды жетік меңгерген, кез келген құрылыс сызбасын еркін оқиды, шебердің, прорабтың міндеттерін жарқыратып орындайды, оның кеңестері құрылысшыларға дұрыс шешім қабылдауға жиі көмектесті.
Николай Федорович көп уақытын және күшін қоғамдық жұмысқа арнады: еңбек ұжымы кеңесінің төрағасы, құрылыс басқармасы, топ жетекшілері кеңесінің мүшесі және т.б.
Н.Ф. Репников бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, дипломдармен мадақталды, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Лисаков қаласының Құрметті азаматы атағы 21 шақырылған Лисаков қалалық Кеңесінің 1991 жылғы 8 тамыздағы қаулысымен «Лисаковскрудстрой» тресінің «Кульбытстрой» құрылыс басқармасының кешенді бригадирі – Н.Ф. Репниковқа берілді.
Н.Ф.Репников 1935 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген, 2020 жылы 4 қыркүйекте қайтыс болды.
* «Бұл есімдерді ұмытпаймыз» құжаттар мен материалдар жинағы. А.Я. Ильницкийдің жалпы редакциясы. Қостанай: Қостанай баспа үйі, 2009, 19, 198-199.