Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Қызметтер

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Мұражай ұсынады:

Тақырыптық экскурсиялар:

1) Қазақстанның ежелгі тарихы
(Археологиялық коллекцияларды көрсету):

Андронов мәдениетінің барлық тайпалары туралы
Қазақстанның ортағасырлық мәдениеті (жоғары сынып оқушылары арналған)
“Қазақстан тарихын сен білесің бе?”. 5-8 сынып оқушылары үшін сауалнама-сұрақ қағаздарын пайдалана отырып экскурсия өткізу.

2) Лисаков қаласының тарихы
( «Лисаковск» залы, 1980- жылдардағы Лисаков туралы деректі фильмдерді қарау)

3) «Қазақ даласының әуендері». Қазақтың музыка дәстүрі.
(Музыка экспонаттарын пайдалану, электронды түрде музыкалық аспаптады көрсету, қазақ халқының ұлттық аспаптары шығаратын әуендерді аудиотаспадан тыңдау арқылы дәріс)

4) «Алтын адам туралы аңыз». («Ыссық» қорғанынан табылған бұйымдарының көшірмесін көрсету, Алтын адамды жерле рәсімі туралы әңгімелеу, мультимедиялық дискін көру)

5) Қазақ халқының ұлттық әшекей бұйымдары (Мұражайдағы әшекей бұйымдарының коллекциясын көрсету, «Қазақстанның көнеәшекей бұйымдары» мультимедиялық дискін көру)

6) Қазақстан халықтарының мәдениеті (Бейімделген әртүрлі жастағы мектеп оқушыларына арналған сабақ циклі)

7) «Тіл – халық қазынасы». Этнография залында 1-6 сынып оқушыларына арналған интерактивті экскурсия. Мұражай заттарының атауын қазақ, неміс, украин, татар тілінде таныстыру, ойындар.

8) «Қазақ халқының сәнді – қолданбалы өнері». Түрлі сәндік – қолданбалы өнер түрлерімен, соның ішінде көрпе тігу, киіз жасау әдістерімен таныстыру.

9) Мұражай сабақтары: «Теңге – ұлттық валюта», «Тәуелсіз жылдар ішіндегі Қазақстан Республикасының жетістіктері», «Ұлт көшбасшысы».

10) «Қазақстан тарихындағы Алаш қозғалысының ролі», «Әлихан Бөкейханов – қоғам қайраткері және Тәуелсіз Қазақстан» дәрістері.

Көшпелі көрмелер:

1)«Ыбырай Алтынсарин – педагог және ағартушы».

2) «Әлиханды ардақтаймын десеңіз», Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналады.

3) «Қазақстан – Ұлы ел»

4)«ҚР мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл».

5)«Қызылжар батыры – Сейітхан Темірбаев»

6) «Жылқы – дала көркі»

7)«Мәңгі қол өнер» (Қазақтың ағаш ою өнері, ағаштан бұйымдар әзірлеу)

Тапсырыс бойынша телефон – 8 (714) 33 38926

Scroll to Top