Павел Мартвинович Агинский,
Ұлы Отан соғысына қатысушы
1921 жылы 2 шілдеде туған. Ленинград қаласындағы мектепті бітіріп, Қазақстанға көшіп, Қостанай техникумын бітіріп, агроном болып жұмыс істеді. Вачасов атындағы совхозда (Қостанай облысы, Таран ауданы) басқарушы болып жұмыс істеді. 1940 жылдың қыркүйегінде Қарулы Күштер қатарына шақырылды. 1943 жылы майданға аттанды. Воронеж, Украина майдандарында соғысқан. Жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Марапаттары: “Жауынгерлік еңбегі үшін” медалі, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, “Ерен еңбегі үшін” медалі. Соғыстан кейін ТКБ бастығы, Вачасов атындағы совхозда партия ұйымының хатшысы болып жұмыс істеді.
Ақпарат Н. Кузнецова атындағы мұражай директоры Л.И. Федоровадан келді. (қоғамдық мұражай Лисаков техникалық колледжінде жұмыс істеді)