1922 жылы Мәскеу облысында дүниеге келген, балалар үйінің тәрбиеленушісі. 1942 жылдың мамыр айында әскер қатарына шақырылды. Кіші сержант атағында Сталинград және II Украина майдандарында байланысшы қызметін атқарды. Сталинград шайқасына қатысып, Харьков қаласын азат етуге қатысты. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.