1923 жылы қазіргі Қостанай облысы Таран ауданы Увальное ауылында дүниеге келген.
1942 жылы әскер қатарына шақырылып, танк жүргізуші-механигіне даярлықтан өтті. Сталинград қорғанысына қатысып, екі рет жараланды. Сауыққаннан кейін 4-ші танк армиясының 51-ші жеке мотоцикл полкінің құрамында Орел-Курск шайқасына қатысты. Контузия алды. 1945 жылы І Белорус майданы бөлімдерінің құрамында Берлинді алуға, Праганы азат етуге қатысты.
I дәрежелі Отан соғысы орденімен, III дәрежелі Даңқ орденімен, “Жауынгерлік еңбегі үшін”, “Сталинградты қорғағаны үшін”, “Берлинді алғаны үшін”, “Праганы азат еткені үшін”, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медальдарымен марапатталған.
2005 жылы 7 мамырда Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай Астана қаласында өткен шеруге қатысты.