Николай Николаевич Ивченко,
Ұлы Отан соғысына қатысушы.
1926 жылы 17 мамырда Куйбышев (Самара) облысында дүниеге келген. 1943 жылы 23 желтоқсанда Свердлов облысының Нижнетагиль аудандық әскери комиссариаты әскерге шақырылды. 1943 жылдың желтоқсанынан 1944 жылдың маусымына дейін – мерген мектебінің курсанты. 1944 жылдың маусым айында 72 Нарва атқыштар дивизиясының 82 миномет бөлімшесінің командирі болып жіберілді. 1945 жылы қаңтарда сол қолынан ауыр жараланады. 1945 жылы қарашада сержант атағымен әскерден босатылды. Марапаттары: ІІ дәрежелі Отан соғысы Ордені, “Ерлігі үшін”, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін”, “Мәскеуді қорғағаны үшін”, “Берлинді алғаны үшін” медальдары. 1962 жылдан бастап Лисаков тау-кен байыту комбинатында аға экономист болып жұмыс істеді.
“Олар Жеңіспен оралды! Они вернулись с Победой! Лисаков, Алтынсарин және Науырзым аудандары”. Қостанай, 2010, 63 б.