1924 жылы Челябі облысы Варненск ауданы Лейпциг ауылында дүниеге келген. 1942 жылдың ақпан айында шақырылған. Шақырудан кейін Урюпин әскери-техникалық училищесінде оқыды, 1943 жылдың сәуір айынан бастап 886 атқыштар полкінде, Украина майданы 4 армиясының III дәрежелі Суворов ордені 80 гвардиялық дивизиясының 217 атқыштар полкінің 82 жеке барлау ротасында барлаушы болып соғысты. Әскери атағы – гвардия аға сержанты, Қызыл Жұлдыз орденімен, “Будапештті басып алғаны үшін”, “Венаны алғаны үшін”, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медальдарымен марапатталған, Лисаковск қаласының алғашқы құрылысшысы.