Николай Михайлович Гусенко,
Ұлы Отан соғысына қатысушы.
1927 жылы 19 қарашада Хмельницкий облысының Полонное аудандық қалашығында дүниеге келген. Соғыс басталғанда 7 сыныпты бітірді. Оккупация кезеңінде ол етік шеберханасында оқушы болды (қыста оқыды, жазда мал бағды). 1944 жылы қаңтарда фашистерден босатылғаннан кейін оны Қызыл Армия қатарына шақырады. III Украина майданында 36 атқыштар дивизиясының 108 полкінде соғысқан. Румыния, Венгрия, Югославия, Австрияны азат етуге қатысты. Жеңіс күні, Австрия (Клягенфурт қ.). Австрияда, Юденбург қаласында одақтастармен (американдықтармен) кездесті. Соғыстан кейін Австрияда, Румынияда кеңестік басқыншы әскерлер құрамында қызмет етуді жалғастырды. 1947 жылы дивизияның таратылуына байланысты Германияға қызмет етуге ауыстырылды. 1951 жылдың шілдесінде әскерден босатылды. III дәрежелі Даңқ орденімен, II дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Венаны алғаны үшін”, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медальдарымен марапатталған.
“Олар Жеңіспен оралды! Они вернулисьс Победой! Лисаков, Алтынсарин және Науырзым аудандары”. Қостанай, 2010, 46-47бб.