Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Николай Григорьевич Хома

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Николай Григорьевич Хома,

Ұлы Отан соғысына қатысушы.

1926 жылы 27 қаңтарда Таран ауданы Барсуковка ауылында дүниеге келген. Таран аудандық әскери комиссариатын жұмылдыру бойынша 1943 жылдан 1946 жылға дейін әскер қатарында болды. І Украина майданында Отан соғысына, 7-ші, 60-шы атқыштар дивизиясына, 379-шы атқыштар полкіне, 141 таулы-атқыштар полкіне қатысты, Белоруссия, Украина қалаларын азат етті, Карпаттарда соғысты.

Марапаттары: “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медалі, II дәрежелі Отан соғысы ордені. Орта арнайы білімі бар, бухгалтер. “Лисаковскрудстрой” трестінің ЖКО-да бухгалтер болып жұмыс істеді.

“Олар Жеңіспен оралды! Они вернулись с Победой! Лисаков, Алтынсарин және Науырзым аудандары”. Қостанай, 2010, 132 б.

Н.Г. Хома, Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Лисаковск.1985 ж.

Scroll to Top