Белинский боксит кенішінің механигі.
Тау-кен металлургия саласындағы еңбек өтілі 50 жылдан асады.
Еңбек жолын 1960 жылы Рудный қаласында «Промстройматериалдар»тресінің жұмысшысы болып бастаған. 1964 жылдан бастап Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатында экскаватор машинисінің көмекшісі, 1969 жылдың маусымынан бастап Лисаков және Қашар тау – кен байыту комбинаттарының бірлескен дирекциясында жұмыс істеді. 1982 жылдан Краснооктябрь боксит кен басқармасында экскаватор машинисі ретінде жұмыс істей бастады.
Алексей Ивановичтің жоғары біліктілігінің куәсі 1989 жылдан 1990 жылға дейін Ирак Республикасына іссапары болып табылады, онда экскаватор машинисті болып жұмыс істеді. 1991 жылдан бастап 2002 жылға дейін Белинский боксит кенішінде механик, 2002 жылдың ақпанынан бастап аға механиктің орынбасары, 2004 жылдан бастап Белинский боксит кенішінің механигі болып жұмыс істеді.
Алексей Иванович Краснооктябрь боксит кен басқармасының, Қостанай облысының тау-кен металлургия өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосты.
Бесінші шақырылған Лисаков қалалық мәслихаты сессиясының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 322 шешімімен «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.