Михаил Федорович Синдюков (1925-2000),
Ұлы Отан соғысына қатысушы
Горький облысы Вознесенский ауданы Бутаково ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарында шақырылған. 408 атқыштар полкінде атқыштар бөлімшесінің командирі, әскери атағы – сержант. 1944 жылы 24 сәуірде сол қолына ауыр жараланып, Удмуртиядағы госпитальда болады. 1944 жылы 15 қарашада жаралануы бойынша әскерден босатылды. “Ерлігі үшін” медалімен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. 1953 жылы отбасы тыңға “Белинский” совхозына (Қостанай облысы, Таран ауданы) келді, тракторшы болып жұмыс істеді. 1997 жылдан бастап отбасымен Лисаков қаласында тұрды.
Материал Жеңістің 70 жылдығына арналған “Жеңіс шежіресі” көрмесін дайындау барысында жиналды (2015).