Ұлы Отан соғысының ардагері, Лисаков қаласының алғашқы құрылысшысы.
1925 жылы 19 маусымда Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Новопокров ауылында колхозшы-шаруалардың отбасында дүниеге келген. Жергілікті мектепті бітіргеннен кейін колхозда жұмыс істеді. 1943 жылдан соғыс аяқталғанға дейін Ұлы Отан соғысы майдандарында соғысты. 1950 жылдан бастап әскерде қызмет еткен соң, шофер болып жұмыс істеді, техникумда оқыды, әр түрлі ұйымдарда инженерлік-техникалық лауазымдарда жұмыс істеді.
1966 жылдан бастап В.С. Кузняков Лисаков қаласында УМР-2 бастығы, ЛГОК шағын механикаландыру цехының бастығы, механик, ГМО фабрикасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Өзін сауатты маман, білікті ұйымдастырушы және еңбек ұжымының тәрбиешісі ретінде көрсетті.
В.С. Кузняков өмір бойы қоғамдық жұмыспен айналысты: дәріскер, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі, әскерге шақырылушылармен жұмыс жөніндегі комиссияның мүшесі, қалалық ардагерлер кеңесінің, қалалық штаб жанындағы Қоғамдық комиссияның мүшесі және т. б. болды.
Көптеген үкіметтік марапаттарға, грамоталарға, дипломдарға және құрмет белгілеріне ие. Оның үш ұлы, алты немересі және екі шөбересі бар.*
Экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды міндеттерін табысты шешуге үлкен ықпал еткен белсенді өндірістік, қоғамдық-саяси жұмысы, шығармашылық, жанкешті еңбегі үшін Лисаков қалалық атқару комитетінің 1985 жылғы 29 сәуірдегі №109 шешімімен В.С. Кузняковқа «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. В.С. Кузняков 2012 жылғы 28 қаңтарда қайтыс болды.
*«Бұл есімдерді ұмытпаймыз» құжаттар мен материалдар жинағы А.Я. Ильницкийдің жалпы редакциясы-Қостанай қ.: Қостанай баспа үйі, 2009, 189 б.