1925 жылы Қостанай уезінің Павловка ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қазан айында Қызыл армияға шақырылды. 1944 жылдың ақпанына дейін Свердловск қаласының 533 қосалқы байланыс полкінде оқыды. Содан кейін I және II Балтық, Беларусь, Украина майдандарында 109 жеке байланыс батальонында байланысшы болып қызмет етті, әскери атағы – ефрейтор. 1945 жылдың қазан айында демобилизацияланды.
І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, “Кенигсбергті алғаны үшін”, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін” медальдарымен марапатталған.