Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Кривошея Татьяна Ивановна

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Татьяна Ивановна Кривошея 30 жылдан астам өкілетті билік органдарында сайланбалы лауазымдарда жұмыс істеді. 1981 жылдан 1994 жылға дейін Октябрь поскеңесінің басшысы болып жұмыс істеді, 1994 жылғы наурыздан бастап төрт шақырылым бойы (2012 жылғы қаңтарға дейін), Лисаков қалалық мәслихатын басқарды. Татьяна Ивановна Лисаков қаласы үшін аса маңызды мәселелерді шешуге және міндеттерді орындауға көп көңіл бөлді. Қалалық мәслихат депутаттары атқарушы билікпен бірге еркін экономикалық аймақты құрып, дамыта отырып, қаланың сақталуын қамтамасыз етті.

Қаланың дамуының әртүрлі кезеңдерінде оның мүддесін қорғай отырып, әрдайым белсенді азаматтық ұстанымды атқарып, қаланың 2020 жылға дейінгі экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын қалыптастыруға тікелей қатысты.

Т. И. Кривошея Лисаков қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға, елдегі Лисаков қаласының имиджін арттыруға елеулі үлес қосты.

Татьяна Ивановна Лисаков қаласы, Октябрь кенті, Красногорка ауылы тұрғындарының құрметі мен беделіне ие.

Қалалық мәслихатта көпжылдық жемісті қызметі үшін Т.И. Кривошеяға «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2007 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен (2006 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Нұр Отан «ХДП Жоғары партиялық марапаты» «Белсенді қызметі үшін» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен, Қостанай облысы әкімінің грамотасымен марапатталды.

Төртінші шақырылған Лисаков қалалық мәслихаты сессиясының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы №477 шешімімен «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.*

Scroll to Top