1916 жылы 21 қазанда дүниеге келген. 1937 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Николаевск-на-Амуре қаласындағы оқу-жаттығу полкіне жіберіліп, 1939 жылдың қазан айына дейін әскери борышын өтеді. Одан кейін 62-артиллериялық полк құрамында (1941 жылдың маусымынан 1944 жылдың ақпанына дейін) гвардиялық қатардағы жауынгер, 1944 жылдың ақпанынан 1946 жылдың маусымына дейін 15-гвардиялық атқыштар корпусында атқыш ретінде соғысады.
«Ерлігі үшін» және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Соңғы жұмыс орны: Лисаков тау-кен байыту комбинаты, тұрғын үй-байыту комбинатының ағаш ұстасы.
«Олар Жеңіспен оралды! Они вернулись с Победой! Лисаков, Алтынсарин және Науырзым аудандары». Қостанай, 2010, 74 бет.