Колесниченко Яков Григорьевич Старо-Иванов ауылында (Волоконов ауданы, Белгород облысы) 1912 жылы туған. Әкесі-Григорий Иванович Колесниченко, шахтер. Анасы-Евдокия Колесниченко-шаруа.1913 жылы Колесниченко отбасы Лисаков қаласына көшіп келді. 1936 жылы Валерьянов кентінің тумасы Мария Пантелеевна Берестяноваға (1919 жылы туған) үйленіп, содан кейін отбасы Павлов ауылына көшіп келді. Комбайнер болып жұмыс істеді, соғыс алдында Павлов МТС парторгы болды. 1938 жылы ұлы–Алексей Яковлевич, ал 1941 жылы екінші ұлы–Николай Яковлевич дүниеге келді. Соғыс басталғаннан кейін, 1941 жылдың маусым айында РККА-ға шақырылып, Комсомольск-на-Амурдағы танк бөлімінде қызмет атқарды, онда 1942 жылдың соңында политрук лауазымында кіші лейтенант атағын алды. 1943 жылы Колесниченко қызмет еткен бөлім Батыс майданға көшірілді. 1944 жылы Яков Григорьевичке тағайындау беріліп, Ярославль облысының Буй қаласындағы 13 танк полкіне ауыстырылды, бітіргеннен кейін лейтенант әскери атағы берілді. 1945 жылдың наурыз айында үйіне қысқа мерзімді демалыс алып, оны аяқтағаннан кейін 6 наурызда Челябі қаласына жаңа танктерді алу үшін аттанды. 1945 жылғы 12 наурызда, тиеу кезінде, танктердің біріндегі оқ-дәрі жиынтығы жарылысынан қаза тапты.
Материал 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Осы есімдерді еске алайық» акциясы барысында жиналған.