Қарағанды облысы Самар ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың қаңтарында майданға жұмылдырылып, 18 мерген әскери бөлімінің (Ашхабад қ.) атқыштар мектебінің курсанты болып қабылданды. II Украина майданында соғысқан. Украина, Венгрия, Австрия, Чехословакияны Азат Етті. Жарақат алған. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Ерлігі үшін”, “Жауынгерлік еңбегі үшін”, “Праганы азат еткені үшін”, “1941-4945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін”медальдарымен марапатталған.
И.С. Ланкин Лисаков қаласында 1969 жылы салынып жатқан Лисаков тау-кен байыту комбинатының жөндеу цехтары блогының бастығы ретінде жұмыс істей бастады. Өзін жоғары кәсіби маман, өндірістің талантты ұйымдастырушысы және еңбек ұжымының шебер тәрбиешісі ретінде көрсете білді. И.С. Ланкин Лисаков тау-кен байыту комбинатының кәсіподақ комитетін басқарды, қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы ретінде жұмыс істеді. Еңбек ардагері және Лисаков қаласының алғашқы құрылысшысы.