Иван Сергеевич Хрипун,
Ұлы Отан соғысына қатысушы.
1921 жылы Қостанай облысы, Семиозер ауданы, Лаврентьевка ауылында дүниеге келген. 1939 жылы әскерге шақырылып, 214 әуе-десанттық бригадаға қызметке жіберілді. Соғыс басталғанға дейін Минскіде қызмет еткен. Соғыстың басында ол жаудың тылында болды, жаудың қозғалмалы әскерлерін атумен айналысты, Бобруйск аймағындағы көпірлерді жарып жіберді. Екі рет жараланды. Госпитальдан кейін 82 әскер, 585 миномет полкіне жіберілді. “Ерлігі үшін” медалімен, Отан соғысы орденімен, мерейтойлық наградалармен, “Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін” медалімен марапатталған. 1946 жылы Брест қаласынан әскерден босатылды.
Ақпарат және фото Н.Кузнецов атындағы мұражайдың директоры Л.И. Федоровадан келіп түсті (қоғамдық мұражай Лисаков техникалық колледжінде жұмыс істеді).