1926 жылы қазіргі Қостанай облысы Қамысты ауданы Ливановка кентінде туған. 1942 жылы қарашада әскерге шақырылды. 1943 жылдың желтоқсанына дейін 193 оқу-атқыштар полкі болды, лауазымы – бөлімше командирі. 12 атқыштар полкінің құрамында соғысқан (батарея командирінің көмекшісі). 1944 жылдың маусымынан 1950 жылдың қыркүйегіне дейін – 301 парашют-десант полкі. III Украина майданында соғысқан, Ясско-Кишинев операциясына қатысқан. I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, “Ерлігі үшін” екі медальмен, “Жауынгерлік еңбегі үшін” екі медальмен, “1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін”, “Венаны алғаны үшін” медальдарымен марапатталған.