1925 жылы Қостанай округі Федоров ауданы Лермонтов кентінде дүниеге келген. 1943 жылы майданға шақырылып, Ленинград майданында соғысқан (1 батальон, 1 рота, 24 қосалқы атқыштар полкі), байланысшы. 1945 жылы контузиядан кейін демобилизацияланды. “Жауынгерлік еңбегі үшін”, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін” медальдарымен, Отан соғысы орденімен марапатталған. Полковник, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.