1921 жылы 29 қаңтарда дүниеге келген. 1942 жылдың 16 сәуірінен бастап әскери қимылдарға қатысты. Батыс майданда 42-атқыштар дивизиясының 4-ші бөлек танкке қарсы дивизиясында батарея командирі болып шайқасты. Жарақатына байланысты 1944 жылы тамызда демобилизацияланған. Капитан.
Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Соңғы жұмыс орны: Лисаков тау-кен байыту комбинаты, түйіршіктер фабрикасының слесарі.
«Олар Жеңіспен оралды! Они вернулись с Победой! Лисаков, Алтынсарин және Науырзым аудандары». Қостанай, 2010, 39 бет.