Федор Кириллович Беда,
Ұлы Отан соғысына қатысушы
1913 жылы 25 шілдеде қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Евгеновка ауылында дүниеге келген. Қызыл әскер қатарына 1942 жылы мамыр айында Таран аудандық әскери комиссариатымен шақырылды. 1945 жылдың мамыр айына дейін Балтық майданының десанттық әскерлерінде соғысты. Витебск, Смоленск облысы, Литваны азат етуге қатысты. I дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Ерлігі үшін”, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медальдарымен марапатталған.
«Олар Жеңіспен оралды! Они вернулись с Победой! Лисаковск, Алтынсарин және Науырзым аудандары”. Қостанай, 2010, 30б.
Суретті музей директоры Л. И. Федорова табыстады Н. Кузнецова (қоғамдық мұражай Лисаков техникалық колледжінде жұмыс істеді)