Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Цавалюк Сергей Иванович

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Қаланың алғашқы құрылысшысы «Лисаковскудрудстрой» тресінің «Кулбытстрой» құрылыс бөлімінің электр дәнекерлеушісі.

1940 жылы 7 мамырда дүниеге келген.

С.И. Цавалюк 1970 жылдан бері өнеркәсіптік нысандар мен қаланың құрылысында жұмыс істеді.

С.И. Цавалюк құрылыс алаңында жұмыс істеу барысында бірнеше құрылыс мамандықтарын игерді: электр дәнекерлеуші, темірбетон және темір конструкцияларын монтаждаушы, ағаш ұстасы-бетоншы. Ол барлық осы жұмыс түрлерін тиімді және уақытылы орындады. Өте қарапайым, тәжірибелі, бірақ талапшыл адам. Ол бригада мүшелері мен құрылыс басқармасы ұжымы арасында лайықты беделге ие болды.

Оның көптеген дипломдары, алғыс хаттары бар, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясы, Ярославль қаласында тұрады.

Белсенді өндірістік, қоғамдық-саяси жұмысы, экономикалық және әлеуметтік даму міндеттерін табысты шешуге үлкен ықпал еткен шығармашылық еңбегі үшін, Лисаков қаласының 15 жылдығына байланысты «Лисаковскрудстрой» трестінің «Кульбытстрой» құрылыс басқармасының бригадирі С. И. Цавалюкке, Лисаков қаласының Құрметті азаматы атағы берілді. Лисаков қалалық атқару комитетінің 1986 жылғы 11 тамыздағы №233 шешімі

Көптеген Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Ресей Федерациясының, Ярославль қаласында тұрды. С.И.Цавалюк 2023 жылы 24 мамырда қайтыс болды.

* «Бұл есімдерді ұмытпаймыз» құжаттар мен материалдар жинағы. А.Я. Ильницкийдің жалпы редакциясы. Қостанай: Қостанай баспа үйі, 2009, 17, 203-204.

** Құрмет Кітабы. Лисаков қалалық мәслихаты. Лисаков Жоғарғы Тобылдың тарихы мен мәдениеті мұражайының қоры. НВФ 2638.

Scroll to Top