Археологиялық коллекциялары
Мұражай археологиялық коллекциясына энолит дәуірінен бастап және ортағасырлық Лисаков археологиялық шағын аудандарындағы ескерткіш материалдарынан топтастырылған.
Басты коллекциялары – қола дәуірі кезеіндегі ескерткіш материалдары Лисаков қоныстары мен некропелінен табылған бірегей заттық деректер арқылы көрсетілген. Бұл мәдени материалдар жабдықтары – аспаптар, тұрмыстық заттар, қару-жарақ, әшекей бұйымдар, тастан, сүйектен, балшық пен қоладан, темірден жасалған салт атты әбзелдері бөліктерінен жинақталған.
Олардың кейбіреулері ежелгі адамдардың рухани мәдениеті болып саналатын, діни нанымдарға байланысты заттарды сипаттайды. Барлық коллекциялар зерттеушілер жұмыстарына қол жетімді. Коллекция заттарының саны- 1200 данадан асады.
Керамикалық ыдыс МИГЛ 83,84/А 27
Б.з.д. XVII – XV ғасыр. Күйдiрiлген саз балшық. Қолмен қалыптау. D=15,7 см H= 13,5 см
Керамикалық ыдыс ЛМИК 398/А23
Б.д.дейінгі XV- XVII ғасыр. Күйдірілген саз, қолмен жасалған. Өлшемі: 17,0 см×16,0 см. Сақтаулы: Көлемді зақымданулары
Керамикалық ыдыс ЛМИК 6081
Б.д.дейінгі XVII – XV ғасыр. Күйдірілген саз, қолмен жасалған. Өлшемі: 14,5 см×12,0 см. Сақтаулы: Үзінділерден