Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Андрей Федорович Шиляев

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Андрей Федорович Шиляев,

Ұлы Отан соғысына қатысушы.

1925 жылы 22 қазанда Қостанай облысы Комсомол ауданының Манкино разъезінде дүниеге келген. Қызыл Армия қатарына 1943 жылы 17 қаңтарда шақырылды. I Украина майданында 32 гвардиялық миномет бригадасында соғысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, I дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Ерлігі үшін”, “Берлинді алғаны үшін”, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медальдарымен, мерейтойлық медальдармен марапатталған. 1948 жылы наурызда әскерден босатылды. Соғыстан кейін Челябі облысының Троицк қаласында тұрып, жұмыс істеді, содан кейін Лисаковскіге көшті. Соңғы жұмыс орны – Лисаков автокөлік кәсіпорны.

“Олар Жеңіспен оралды! Они вернулись с Победой! Лисаков, Алтынсарин және Науырзым аудандары”. Қостанай, 2010, 141-142 б.

А.Ф. Шиляев, Ұлы Отан соғысының қатысушысы.

Scroll to Top