Альберт Павлович Рау 1960 жылы 1 қыркүйекте Қостанай облысы Таран ауданы Валерьяновка ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Рау отбасы Лисаков қаласына көшіп келеді.
А.П. Рау еңбек жолын 1982 жылы Рудный қаласының “Казшахторудстрой” трестінің электр слесарі болып бастады, содан кейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.
1984-1991 жылдары А.П. Рау Қостанай облысы Қоржынкөл кен басқармасының электромеханигі, кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1991-1992 жылдары Қостанай облысы халық депутаттары Лисаков қалалық Кеңесі атқару комитетінің шаруашылық есептегі коммерциялық басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
Атқаратын лауазымдар тізбесі:
1992-1993 жылдары – Қостанай облысы Лисаков қалалық халық депутаттары Кеңесінің төрағасы;
1993-1994 жылдары – Қостанай облысы Лисаков қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары;
1994-1995 жылдары – Лисаков қалалық әкімшілігінің басшысы;
1995-2004 жылдары – Қостанай облысы Лисаков қаласының әкімі;
2004-2007 жылдары – Қостанай облысы әкімінің орынбасары;
2007-2008 жылдары – “Сарыарқа” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы “Ұлттық компаниясы” АҚ басқарма төрағасы, 2008-2010 жылдары – Ақмола облысының әкімі.
2010 жылдан бастап А.П. Рау – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі.
2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Вице-министрі.
2017 жылғы 13 наурыздан бастап А.П. Рау – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі “Нұр Отан” партиясы фракциясының мүшесі.
2017 жылдың қазан айынан бастап – “Возрождение” Қазақстандық немістер қоғамы” қоғамдық қорының төрағасы.
Мемлекеттік наградалары: ІІ дәрежелі “Достық” (2004 ж.) және ІІІ дәрежелі “Барыс” (2010 ж.), “Парасат” (2016 ж.) ордендері, “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл” (2001 ж.), “Қазақстан Конституциясына 10 жыл” (2005 ж.), “Астанаға 10 жыл” (2008 ж.), “ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне 10 жыл” (2009 ж.), “Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл” (2011), “Халықаралық әскери достастықты дамытқаны үшін” (2011 ж.), “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл” (2011 ж.), “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл” (2012 ж.), 1-дәрежелі “Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін” медалі, 2-дәрежелі “Кенші даңқы” төсбелгісі, “ҚР Білім беру ісінің үздігі” белгісі (1999), “ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері” белгісі (2004).
А.П. Рау Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының корреспондент-мүшесі (маусым 1999 ж.), Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі (мамыр 2011 ж.), Рудный индустриалдық институтының, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті институтының (2008), “ҚР Білім және ғылым саласына еңбегі сіңген қайраткер” атағы бар, экономика ғылымдарының кандидаты (1998).
Экономика ғылымдарының докторы (2009).
2004 жылы А.П. Рауға қаланы тиімді стратегиялық басқарғаны, Лисаков қаласының экономикасы мен әлеуметтік саласының тұрақты дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, қалада өзін-өзі басқаруды дамытуға, халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыруға қосқан үлесі үшін “Лисаков қаласының Құрметті азаматы” атағы берілді.
2015 жылғы 31 қаңтарда А.П. Рауға Лисаков қаласында өлкенің тарихи-мәдени мұрасын сақтағаны және мұражай ісін дамытқаны үшін “Мұражайдың досы” дипломы табыс етілді. “Мұражайдың досы” – Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы 2003 жылы құрған ерекше мәртебе Лисаков мұражайының қалыптасуына елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі.
2016 жылғы 2 ақпанда А.П. Рау Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан – герман үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы ретінде Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін Германияның жоғары наградасы – “Еңбегі үшін үлкен крест” марапатымен марапатталды.
2015-2017 жылдары А.П. Рау Астанадағы лютеран шіркеуі ғимаратының құрылысына жетекшілік етіп, демеушілік қаражатты тартып, қамқоршылық кеңесті басқарды. 2017 жылдың шілдесінде жаңа лютеран шіркеуі жоғары мәртебелі қонақтармен – Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен, Бундестаг депутаттарымен кездесті.
А.П. Рау 2017 жылғы 1 қыркүйекте ашылған Лисаков қаласындағы жаңа мешіттің құрылысына белсенді қатысып, зор үлес қосты.
2017 жылдың қараша айында А.П. Рауға “Білім беру ұйымының үздік меценаты” атағы берілді, ол “Меценаттардың алтын шоқжұлдызына” – Қостанай облысының білім саласына 10 және одан да көп миллион теңге салған меценаттардың ондығына кірді.
Желтоқсан айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев А. П. Рауға “Болат өндірісінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін және оларды коммерцияландыруды қамтамасыз ететін сапасы төмен (фосфоры жоғары) және техногендік шикізатты қайта өңдеуге тарту бойынша әлемдік деңгейдегі технологияларды әзірлеу” тақырыбындағы жұмысы үшін Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын берді.