Теңге: әрбір банкноттағы тарих

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мектеп-лицейінде теңгеге арналған жылжымалы музей көрмесі ұйымдастырылды.

Көрме оқушыларды Қазақстанның ұлттық валютасының тарихымен таныстырды: алғашқы купюралар мен монеталардың жасалуынан бастап қазіргі заманғы банкноттарға дейін. Оқушылар алғашқы теңгенің дизайнын кім әзірлегенін, алғашқы банкноттардың қай жерде басылып шығарылғанын, олардың сыртқы келбеті қалай өзгергенін, қандай сутаңбалар, номиналдар және өзге де ерекшеліктері бар екенін білді.

Scroll to Top