Ткаченко Владимир Матвеевич, Ұлы Отан соғысының қатысушысы

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Ткаченко Владимир Матвеевич 1925 жылғы 15 қазанда Наталовка ауылында (Павлов болысы, Кустанай уезінде) дүниеге келген, жеті жылдық мектепті бітірген. 1942 жылдың қазан айында Семиозер аудандық әскери комиссариаты тарапынан әскери қызметке шақырылды. 1942 жылдың қарашасынан 1943 жылдың ақпанына дейін 273 атқыштар полкінде автоматшы қызметін атқарды. 1943 жылдың мамырынан 1945 жылдың қыркүйегіне дейін 1290 гаубица артиллериялық полкінде барлау бөлімінің командирі болды. 1943 жылы тамызда шайқаста ауыр жарақат алды. Соғыс аяқталғаннан кейін 1950 жылдың наурызына дейін 190 гаубица артиллериялық бригадасында қызмет етті. 1950 жылы 31 наурызда демобилизацияланған. Әскери атағы  аға сержант.

 

Қызметтен кейін Қостанай педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 1950 жылдан бастап Прохоров бастауыш мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 1967 жылы Козырев 8 жылдық мектебінің директоры болып ауыстырылды. 1973 жылы КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтының  «Тарих және қоғамтану» мамандығы бойынша бітірген. 1973 жылдың қыркүйегінен бастап Лисаков қаласының сырттай орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1974 жылдан 1983 жылға дейін Затобол 8 жылдық мектебінің (Майлино кентінің) директоры болып жұмыс істеді. Келесі медальдары бар: «Батылдық үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «Праганы азат еткені үшін», «Венаны алғаны үшін», II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

В.М.Ткаченко  «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, «Тың жерлерді игергені үшін»медалімен марапатталған.

 

Ақпаратты немересі О.В. Спиридонова ұсынған (Лисаков қ.)

Scroll to Top