Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

Көрме «Жарық шағылысы»

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Лисаков музейінде Светлана Карженкованың “Жарық шағылысы”атты жеке көрмесі ашылды. Көрмеге алғашқы келушілер ашылу салтанатында бейнелеу өнерінің отыздан астам туындысын көрді. Магнитогорск мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетінің түлегі С.В.Карженкова 1998 жылдан бастап Лисаков балалар көркемсурет мектебінің жетекшісі болып істейді. Педагог пен оның шәкірттері қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық көрмелер мен конкурстарға (Жапония, Польша, Чехия, Ресей, Германия, Үндістан, Қытай, Түркия) қатысады. Осы кезеңде С. В. Карженкованың жетекшілігімен оқушылар көптеген дипломдар, медальдар, грамоталар мен сертификаттар алды. С.В.Карженкова облыстық деңгейден халықаралық дәрежеге дейін дипломдармен марапатталды.

Көрменің ашылу қонақтары: Қ.Х.Мухамадиева, Лисаков қалалық мәслихатының төрағасы мен депутаты, Н.Р.Исмагулова, “Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ММ басшысы, Г.С.Нургазина, ҚОӘББ “Лисаков қаласының білім бөлімі” ММ әдіскері, Лисаков бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, балалар көркемсурет мектебінің педагогтары мен оқушылары, әсемдіті  аса қадірлеушілер. Бұл күні гүлдер тек көркем шығармаларда ғана емес, сонымен қатар Светлана Карженкованың таланты сыйлаушы мен шәкірттерінің қолында болды. Көпжылдық ынтымақтастық үшін С.В. Карженковаға алғыс ретінде гүл шоқтарын Лисаков музейінің жетекшісі Ш.Е.Ермағамбетова табыс етті.

Көрменің тамаша, жарқын көңіл-күйін Лисаков қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы тәрбиеленушілерінің өнері толықтырды. Көрме музейдің 2025 жылдың ақпанына дейін жұмыс істейді.

Scroll to Top