1927 жылы Миролюбовка ауылында (қазіргі Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы) дүниеге келген. 1944 жылы Қызыл армияға шақырылды. Қиыр Шығыста Забайкалье әскери округінің 64-ші шекара отрядының жеке байланыс батальонында қызмет етті. «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.