«Арай» ЖШС ЭЕМ операторы. П.А. Сидорчук кәсіпорындағы адал еңбегі қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерде белсенді спорттық қызметпен ұштастырады.
Павел Алексеевич – қалалық және облыстық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері, ол республикалық, халықаралық және Дүниежүзілік ойындардың алтын, қола және күміс жүлдегері атанды. Қостанай облысының он үздік спортшыларының қатарына кіреді. 2012 жылы «Спорттың тең мүмкіндіктері» ұлттық жобасы аясында «Қайсар тұлға» сыйлығының лауреаты атанды. Ол он сегіз дүркін Қазақстан чемпионы. Оның халықаралық дәрежедегі 16 медалі бар.
Павел Алексеевич 2010, 2011 және 2013 жылдардағы Азия ойындарына қатысты.
2011 жылдың желтоқсан айында Біріккен Араб Әмірліктерінде мүгедек спортшылар арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсетіп, 2012 жылғы Лондондағы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия жеңіп алды. Осы жылы оған Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді. VII Азия ойындары қарсаңында «Алау шеруіне» қатысты. 2013 жылы Голландияда Бүкіләлемдік ампутанттар ойындарында ядро итеруде алтын медаль және диск лақтыруда қола медаль жеңіп алды. 2014 жылы жеңіл атлетикадан Италияның ашық чемпионаты аясында жарыстың чемпионы және қола жүлдегері атанды.
2017 жылы Павел Сидорчук ҚР Паралимпиада құрамасының құрамында Дубайда (БАӘ) өткен FaZZa-9 Әлем кубогының кезеңіне қатысты.
Павел Алексеевич салауатты өмір салтын насихаттауға, мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында спортты дамытуға, елде және шетелде Лисаков қаласының имиджін көтеруге елеулі үлес қосты.
Бесінші шақырылған Лисаков қалалық мәслихаты сессиясының 2014 жылғы 24 шілдедегі №235 шешімімен «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.