Дәрігер-хирург, ұйымдастырушы-дәрігер, жоғары санатты дәрігер-соцгигиенист.
Е.Б. Джалімов – Лисаковск қкт-дағы аурухананың бірінші бас дәрігері (1966-1970), Лисаков ауруханасының хирургиялық бөлімінің меңгерушісі (1970-1974 жж.), Орталық қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары (1974-1983 жж.), Орталық қалалық аурухананың бас дәрігері (1983-1987 жж.), «Лисаковсрудстрой» тресінің «Тонус» санаторийі-профилакторийінің бас дәрігері (1987-1995 жж.), Республикалық міндетті медициналық сақтандыру қорының Қостанай бөлімшесі Лисаков филиалының директоры (ФОМС) (1995-1999 жж.), Орталық қалалық аурухананың медициналық статистикасының дәрігер-сарапшысы (1999-2000 жж.), «Лисаков қаласының Жедел медициналық жәрдем станциясы» МКҚК бас дәрігері.
Е.Б. Жалімов 1943 жылы 15 қазанда Алматы облысы Покровка ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Алматы Мемлекеттік институтының емдеу факультетін бітірген.
Е.Б. Жалімов-халық депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты, «Еңбек ерлігі үшін», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медальдарымен, «Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Лисаков қаласының экономикасы мен әлеуметтік саласының тұрақты дамуына қосқан үлесі үшін Е. Б. Жалимовке «Лисаков қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Лисаков қалалық мәслихатының 2006 жылғы 10 шілдедегі № 281 шешімі.
Е. Б. Жалимов 2021 жылы 29 сәуірде қайтыс болды.
* «Бұл есімдерді ұмытпаймыз» құжаттар мен материалдар жинағы. А.Я. Ильницкийдің жалпы редакциясы. Қостанай: Қостанай баспа үйі, 2009, Б. 33, 174, 175