Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы

«Бәйтеректің» сәулеттік түрі

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

2018 жылы Астананың 20 жылдығын мерекелеу және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Наурыз мейрамы қарсаңында Лисаков қаласының орталығында «Бәйтерек» сәулеттік пішіні орнатылды.

«Бәйтерек» – тарихи тамырын сақтаған, тірегі берік, болашақтың гүлденуіне ұмтылған мемлекетті бейнелейтін жас, күшті, өсіп келе жатқан ағаш.

Бұл қондырғы жергілікті кәсіпкерлердің сыйы.

Эскизді әзірлеумен «ЭкслюзивСтрой» ЖШС (Н. Феленчук) айналысты. «Бәйтеректің» өзін «СпецСтальКонструкции» ЖШС (А.Аман) мамандары 5 ай бойы жүргізді.Архитектуралық пішіннің биіктігі 15 метрді құрайды, оның 4 метрі осы жаңа аттракционның тәжі болып табылады. «Бәйтерек» түрлі-түсті жарықтандырумен жабдықталған. Барлық қажетті жұмыстарды жүргізуге «АСЭЖ-Билд» ЖШС және КОБК «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы да көмектесті.

Scroll to Top