Лисаков археологиялық экспедициясы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында құрылған. Қоныстың алғашқы зерттеулерін 1985 жылы қарағанды археолог В.В.Варфоломеев өткізген. Одан былай Лисаков археологиялық ескілік ескерткіштерінің зерттеулерін ҚарМУ қызметкері Э.Р.Усманова басқарған. (1986-2012 жж.). Дала зерттеулерін Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының жетекші ғылыми қызметкері А.С.Суслов өткізген.
1986-1992 жылдары қазба жұмыстарына Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттері, 1993-1996 жылдары – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің студенттері, 1997-1999 жылдары – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студеттері қатысқан. Лисаков археологиялық экспедициясы Еуразиялық дала көне мәдениеттерінің тарихы қызықтыратын адамдардың арасында танымал. Жиырма бес жылдың ішінде археологиялық қазба жұмыстарына Мәскеу, Казань, Таллин, Уфа, Львов, Киев, Днепропетровск, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтпаев қалаларынан еркін адамдар, студенттер, оқушылар келген. Қазба жұмыстарына Дания, Ұлыбритания, АҚШ және Чили азаматтары келіп кеткен. Жұмыс жылдары ішінде Лисаков археологиялық экспедициясына 400 жуық адам қатысқан.
Лисаков археологиялық экспедициясының кешенді маңызы бар. Экспедиция құрамында Мәскеу мен Қарағандының археолог мамандары (Ресей ғылым академиясы), Мәскеудің геологтары мен топырақ зерттеушілері (М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, В.В.Докучаев атындағы топырақтану институты) жұмыс істеген. Экстера (Ұлыбритания), Аризона, Пистбург (АҚШ) университеттерінің археологтары мен мамандарымен бірлескен жобалар жүзеге асырылған – 2004-2009 жж.
Лисаков археологиялық экспедициясының жаңалық ашулары жөніндегі баяндамалары мен хабарламалары Мәскеу, Алматы, Астана, Челябі, Кемерово, Санкт-Петербург, Томск, Барнаул қалаларында өткен ғылыми конференцияларда, кеңестер мен конгресстерде ұсынылған. Алыс шетел елдерінде: Сегед, Будапешт (Венгрия), Оксфорд, Экстер (Ұлыбритания), Измир, Стамбул (Түркия), Аризона Университеті (АҚШ), Хиросима (Жапония). Лисаков қаласы аймағында өткізілген қоныс пен жеті некрополінің, Новоильин ауылының жанындағы некрополінің археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде қола дәуірі қауымдастықтардың, ерте және бергі көшпенділердің тарихы жөнінде көлемді ақпарат алынған. Жүзге жуық мақала, бес монография, импакт-факторы (дәйексөзінің индексі) жоғары халықаралық журналдарында бес мақала жарияланған. Лисаков аймағындағы археологиялық ескерткіштер материалының ғылыми интерпретациясы түрлі елдерінің ғалымдарымен жасалған: Қазақстан – Э.Р.Усманова, В.В.Варфоломеев, В.Г.Ломан, А.В.Колбина, А.М.Сейітов, А.С.Суслов, В.В.Воловинский; Ресей – С.Г. Боталов, А.В.Епимахов, А.Д.Таиров, А.Г.Акулов, А.К. Каспаров, И.В. Рудковский, Л.Л.Гайдученко, В.Н.Логвин; Ұлыбритания – Алан К.Оутрам, Рената Петерс, Гаруда Эшли, Смирноу Мелина; АҚШ – И.П.Панюшкина, Барбара Миллс, Алиша Вентереска.
Археологиялық зерттеулер жылдары ішінде (1985-2012 жж.) жиналған артефактілер жинақтамасы Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының құрылуына негіз болған.
Бірнеше жылдар бойы Лисаков қаласының өкіметі археологтардың жұмысына белсенді көмек көрсеткен. Келесі қалалық басшыларын атап өтуіміз келеді – В.П.Коваленко, А.П.Заика, А.П.Шпак, А.П.Рау, В.А.Полешко; қалалық әкімшілігінің қызметкерлері – Л.Г.Лескова, В.В. Абоимова, С.П.Шульга, Н.Қ.Молдабаева. Экспедиция тұрмысын ұйымдастыруына Лисаков техникалық колледжі үлкен үлес қосқан (Ю.Ф.Шаврин, Г.В.Будкевич). «Лисаковская новь», «Бизнес-пресс» қалалық газеттері, «Акцент» қалалық телевизиясы мен «Рауан» радиосы экспедиция жұмысын кәсіби баяндаған.
Лисаков экспедициясының археологтары Лисаков қаласы тұрғындарының қамқорлығын әрдайым сезеді. Жұмыс барысында лисаков бизнесмендері: В.М.Зайцев, Н.В.Распертов, В.Е.Кашурников көмек көрсеткен. Бүкілхалықтық қолдау арқылы жас қаламыз Лисаков, басқа өз көне тарихына ие болған.