Қостанай облысының мерейтойына арналған конференция Қостанай қаласындағы облыстық «Достық үйі» базасында өтті. Конференцияға ғалымдар, қоғам қайраткерлері, музей мамандары қатысып, өз зерттеулері мен жетістіктерін ұсынды.
Конференция жұмысына Лисаков қалалық музейінің әдіскері Суслов Александр Семенович қатысып, қатысушыларды Денисов ауданындағы Қорсай-8 қорғанында жүргізілген археологиялық зерттеулердің материалдарымен таныстырды. Тақырыптың таңдалуы кездейсоқ емес, зерттеушінің пікірінше, ескерткіш қола дәуірінде Лисаков өңірін игерудің бастапқы нүктесі болып табылады.
Конференция материалдарымен «Қостанай облысы тарихының 90 жылы» жинағынан танысуға болады.








