Лисаковтың көне дәуір құпиялары!!!

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Дәл осындай атаумен 16 қазанда музейде танымдық сабақ өтті. Оған Лисаков қаласындағы №4 орта мектептің 7 «А» сынып оқушылары қызығушылықпен қатысты.
40 минут бойы оқушылар палеолит дәуірінен бастап қола дәуіріне дейінгі туған өлкенің тарихына саяхат жасады. Қатысушылар тек тарихи мәліметтер алып қана қоймай, палеогеографиялық реконструкциямен (кеңістікті игеру заңдылықтарын анықтаумен) айналысып, 2026 жылы зерттеу жұмыстары жүргізілген Қорсай-8 қорғаны туралы өз болжамдарын қазба жұмыстарының жетекшісі А. С. Сусловқа жеткізді.
Сабақ барлығына ұнады! Ал жетінші сынып оқушылары жаңа кездесулерді асыға күтуде!

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache