Қоғамдық кеңестің отырысы

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

2026 жылғы 15 қазанда Лисаков қаласының тарих және мәдениет музейінде 2027 жылға арналған музей жұмысын жоспарлау жөніндегі ұсыныстарды талқылауға арналған Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңес өкілдерінің музей мамандары ұжымымен кездесуі барысында Құрметті азаматтар А.П.Рау, Э.Р.Усманованың, Германиядан келген өлкетанушы-зерттеуші А.А.Шефердің жазбаша және аудио хабарламалар түрінде келіп түскен ұсыныстары тыңдалды. Отырысқа «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Лисаков филиалының жетекшісі С.Г. Настенко, мемлекеттік қызмет ардагері Т.В. Кубрак, тарих пәнінің мұғалімі, педагогикалық еңбек ардагері М.А. Баяхметова, Лисаков музейінің алғашқы директоры Н.Е. Жиляева және Лисаков музейінің басшысы Ш.Е. Ермағамбетова қатысты.

Кездесу барысында құнды ұсыныстар айтылып, оларды музей қызметкерлері Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп жүзеге асыратын болады.

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache