Қорсай-8 ескерткішін 1988 жылы Логвин Виктор Николаевич ашқан, ал 2021 жылы Логвин Андрей Викторович ескерткіштер тізіміне енгізген.
2024 жылы Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы» КММ ескерткішті зерттеуді бастады. Алдын ала мерзімдеу бойынша археологиялық нысан қола дәуірі мен ортағасырлар кезеңіне жатқызылған. Биылғы қазба жұмыстарының материалдары ескерткіштің қызмет ете бастауы қола дәуіріне жататынын айтуға мүмкіндік береді.
Жұмыстарға Суслов Александр Семенович жетекшілік етеді.
Суретте – музей қызметкерлері археологтардың қазба жұмыстарына арнайы келген сәті.












