30 шілде мен 1 тамыз аралығында Осиновка ауылында Қостанай облысының аграрлық жаз мезгіліндегі ең ірі шараларының бірі – *«Қостанай дала фестивалі – 2026»* агрофестивалі өтуде. Фестиваль заманауи технологияларды, мәдени мұраны және өңірдің дәстүрлерін тоғыстырды.
Фестиваль аясында *Лисаков Жоғары Тобыл бойы тарихы мен мәдениеті музейі* Лисаков қаласының *55 жылдығына* арналған * Лисаков: «қаланың құрылуы»* атты көшпелі көрмесін ұсынды. Көрме келушілерді қаланың қалыптасу тарихы мен даму кезеңдерімен таныстырды.
Сонымен қатар фестивальде *Лисаков қалалық балалар көркемсурет мектебі оқушыларының шығармашылық жұмыстары* қойылып, келушілердің ерекше қызығушылығын тудырып, мәдени бағдарламаның жарқын бөлігіне айналды.
Фестиваль бағдарламасына сондай-ақ заманауи ауыл шаруашылығы техникасының көрмесі, инновациялық жобалардың таныстырылымы, жергілікті өндірушілердің өнімдері, ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер, концерттік бағдарлама және *Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына* арналған мәдени іс-шаралар енгізілді.








