Музейде бүгін қандай қонақ келетінін және оларды не қызықтыратынын алдын ала болжау мүмкін емес. Өткен аптада музейімізге Қытай Халық Республикасынан келген екі бойжеткен қонақ болды. Қонақтар музей экспозицияларына ерекше қызығушылық танытып, жылы әсер алды. Әсіресе, Ұлы Жібек жолының бағыттары көрсетілген археология залы олардың ерекше ықыласына бөленді. Ал қала тарихы залындағы қызыл туларды көрген сәтте олардың қуанышы мен қызығушылығы айқын байқалды. Экскурсия аяқталғаннан кейін Қытай Халық Республикасынан келген қонақтар музейдің Құрметті пікірлер кітабына өздерінің жылы лебіздері мен ризашылықтарын жазып қалдырды.











