Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудін басталуы туралы

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

2026 жылғы 20 мамырдан 20 маусымға дейін «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Лисаков Жоғары Тобыл бойы тарихы мен мәдениеті музейі» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Талдау кезінде бейіндік заңнамада және ұйымдық-басқару қызметінде персоналды басқару, мемлекеттік қызметтер көрсету, қаржы-шаруашылық қызмет, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және басқа да мәселелер кіретін түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталады.

Егер сізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай да бір ұсыныстар, сондай-ақ «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Лисаков Жоғары Тобыл бойы тарихы мен мәдениеті музейі» КММ-де сіз білетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәліметтер болса, оларды электрондық мекенжайға жібере аласыз muzei_lis@mail.kz .

Scroll to Top