ҚАЗАҚСТАН — МЕНІҢ РЕСПУБЛИКАМ!

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

Осындай атаумен 21 қазанда Лисаков техникалық колледжінің 1–2 курс студенттеріне арналған іс-шара өтті. Танымдық дәріс-викторинаны Лисаков Жоғарғы Тобыл бойы тарихы мен мәдениеті музейінің қызметкерлері дайындап, өткізді.
Кездесу барысында студенттер «Республика күні» мерекесінің тарихы мен маңызын, Қазақстанның Тәуелсіздіктің 35 жылындағы жетістіктерін, сондай-ақ «республика» ұғымының мәнін танып білді.
Іс-шара патриоттық викторинамен аяқталды. Викторина жеңімпаздары Қазақстанның ұлттық рәміздері бейнеленген дәмді әрі пайдалы сыйлықтарға ие болды, ал өлең оқыған қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache