Лисаков қаласындағы №6 орта мектептің 6-сынып оқушылары мен №1 орта мектептің 8-сынып оқушылары дәл осындай әсермен тарқасты. 27 қазанда оқушылар музейге келіп, «Лисаковтың көне ескерткіштерінің құпиялары» атты танымдық сабаққа қатысты. Жаңа біліммен қатар, балалар виртуалды экскурсия арқылы жаз мезгіліне саяхат жасап, Қорсай-8 қорғанындағы археологиялық қазба жұмыстарына куә болғандай әсер алды. Оқушылардың айтуынша, «Демалыс — экскурсияға баруға ең қолайлы уақыт!» және демалысты қызықты өткізіп қана қоймай, туған өлкенің тарихы туралы жаңа мәліметтер алу да қуантады. 40 минутқа созылған экскурсия мен танымдық сабақтан кейін оқушылардың музейден кеткілері келмей, келесі демалыста «Қазақстан халықтарының мәдениеті» тақырыбындағы сабаққа міндетті түрде келуге уәде бергені бізді ерекше қуантты. Демалыстарың қызықты өтсін! Кездескенше!












