«Мирас» музейлік клубының кезекті сабағы

Ермагамбетова Шынар Ерденовна

20 қазанда «Мирас» музейлік клубының башқұрт халқымен және оның бай мәдени мұрасымен танысуға арналған кезекті сабағы өтті.
Сабақтың тақырыбы — «Башқұрт халқының дәстүрлі әшекейлері». Қатысушылар ұлттық әшекейлердің ерекшеліктерімен, олардың символдық мәнімен және дәстүрлі башқұрт киіміндегі рөлімен танысты.
Сабақтың интерактивті бөлімінде қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, башқұрт халқының дәстүрлі өнерінен шабыт ала отырып, өз қолдарымен омырауға тағатын және басқа арналған әшекейлер жасады.
«Мирас» музейлік клубы қатысушыларды әртүрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерінің сан алуандығымен таныстыруды жалғастыруда!

Scroll to Top
⚡ Cached with atec Page Cache